Елордада білезікке ұқсас көлік карталары сынақтан өткізіледі

807

Ол білезіктің ішінде чип болады.

Елордада білезікке ұқсас көлік карталары сынақтан өткізіледі

Astana LRT компаниясы жол ақысын төлеу үшін көлік карталарын білезік түрінде шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы компанияда өткен дөңгелек үстелде Astana LRT ЖШС төлем жүйесі департаменті директоры Дәурен Нұрәлиев айтып берді.

"Қазіргі уақытта өздеріңіз білетіндей, адамдар қоғамдық көлікте төлем жүргізу үшін көліктік картаны көптеп пайдаланады. Бірақ, біздің жолаушылар әртүрлі. Әсіресе, жастар, балалар мен студенттер қолына білезік таққысы келеді. Қарапайым үйдің кілттеріне неше түрлі салпыншақтарды (брелок) іліп қоюға әсіресе жастар құмар. Біз алдағы уақытта көліктік картаның бір түрін - дәл осы білезік секілді етіп шығаруды көздеп отырмыз. Ол да - карта. Түрі білезікке ұқсас демесеңіз, қарапайым төрт бұрыш картадан ешқандай айырмашылығы жоқ. Ол білезіктің ішінде де чип болады", - деді Дәурен Нұрәлиев.

Оның айтуынша, білезікке ұқсас көліктік карталар осы жылдың аяғына дейін пилотты жоба ретінде шығарылады. Егер ол халыққа ұнап жатса, компания білезік карталарды көптеп шығаруды көздеп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Astana LRT басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов көлік картасын толтырудың жаңа әдісін таныстырған болатын.  Сонымен қатар, жиын барысында компанияның төлем жүйесі департаментінің директоры Дәурен Нұрәлиев екі рет төлем алынбайтынын өз картасымен дәлелдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу