Елордада көлік тонауды кәсіп қылған жас жігіт ұсталды

991

Елордада көлік тонауды кәсіп қылған жас жігіт ұсталды

Астана қаласы Алматы ауданының полиция басқармасы көліктерден бірнеше рет зат ұрлаған 24 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Ақмола облысының тұрғыны қала аумағында автокөліктерде 14-тен астам ұрлық жасаған.

Ұры көлік салонынан ақша, ұялы телефон, әмиян, сөмке, бейнетіркегіш, аккумулятор тіпті теледидар алып кеткен.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз тұлғаның түнгі уақытта Манас көшесіндегі тұрғын үйлердің ауласында тұрған автокөлігінен 250 мың теңге ақша салынған барсеткасын, жеке куәлігін және банк карталарын ұрлап кеткенін айтқан.

Күдікті ұсталып, изоляторға қамалды. Оған ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер жәбірленушілердің көп болуы мүмкін екендігін айтады.

Сондай-ақ автокөлік салондарынан ұрлықты болдырмау үшін қарапайым сақтық ережелерін сақтауды сұрайды: автокөлікте сөмкелерді, құжаттарды, қылмыскерлердің назарын аударатын басқа да құнды заттарды қалдырмау. Көлік терезелерін немесе есіктерін ашық қалдырмау. Ұрлыққа қарсы күрестің тағы бір тиімді жолы – автокөлік дабылын орнату. Ұрлықты болдырмау үшін көлікті күзетілетін тұрақта немесе бейнебақылау камераларының көріну аймағында қалдырған дұрыс.

Полиция қызметкерлері осы адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Астана қаласы Алматы ауданының полиция басқармасына мына телефон арқылы хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 71-67-08, 71-67-24, 71-67-14, 8 702 478 7808 немесе 102.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу