Елордада жаңа автобус бағдары ашылды

753

15 қазаннан бастап № 318 қала маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылады.

Елордада жаңа автобус бағдары ашылды

Астана маңындағы Малотимофеевка ауылына жаңа автобус бағдары қосылды, деп хабарлайды Елорда Инфо "Астана ЛРТ" ЖШС сілтеме жасап.

"Малотимофеевка ауылының тұрғындары үшін! Малотимофеевка ауылын көлікпен қамтамасыз ету мақсатында, 2018 жылдың 15 қазанынан бастап № 318 жаңа қала маңына қатынайтын бағдар іске қосылады", - делінген хабарламада.

Автобус "Ақмола облыстық ауруханасы" аялдамасынан бастап Манас көшесімен, одан әрі Абылай хан даңғылымен - Астана-Қарағанды тас жолына, одан әрі айналма тас жол арқылы Астана-Малотимофеевка тас жолымен Малотимофеевка ауылына дейін жүреді.

Қарама-қарсы бағытта қозғалысы аталған сызбамен кері нұсқада қайталанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу