Елжан Біртанов тегін дәрілердің халыққа неге уақтылы жетпей жатқанын түсіндірді

821

Оның айтуынша басты кінә ақхалаттыларда.

Елжан Біртанов тегін дәрілердің халыққа неге уақтылы жетпей жатқанын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тегін дәрілердің халыққа неге уақтылы жетпей жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Atameken TV.

Оның айтуынша басты кінә ақхалаттылардың өзінде. Атап айтқанда, емханалар жыл сайынғы науқастар ағымын ескермей, салдарынан қажетті препараттар саны жөнді анықталмайды. Бұдан бөлек, дәрілік заттардың тауарлық атауының өзгеріп, қайта  тіркеуден өтетіні де назардан тыс қалып отырады. Тиісінше, сұранысқа қажетті тапсырыс та дұрыс берілмейді.

Сондай-ақ, министр дәріханаларда есептен шығарылған тегін препараттардың сатылып келгенін жеткізді. Мұндай факт жыл басында барлық дерлік өңірде тіркелген. Енді медициналық мекемелерді түгелдей электронды жүйеге көшіру, саладағы қитұрқы әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік бермек.

"3,5 млн тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Қазіргі күнде ақпараттық жүйелер негізінде біз көріп отырмыз, бүгінгі күнде сол сатып алған дәрі-дәрмектің көлемінен 67 пайызы электронды рецепт арқылы науқастарға жеткізілген. Жылдың аяғына дейін осы жоспарлаған көлемімізге жеткіземіз деп ойлаймыз",- дейді денсаулық сақтау министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу