Ең үздік комментатор анықталды

1029

Ең үздік комментатор анықталды

"Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары FIFA 2018 әлем чемпионатының көрсетілімін қорытындылады, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Футболдан әлем чемпионатының қорытындысына байланысты баспасөз мәслихаты өтті. 

Шараға "Қазақстан" телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Қарин мен "Qazsport" телеарнасының директоры Павел Цыбулин қатысты.

"Футболдан әлем чемпионаты бұл барлық футболсүйер қауым үшін спорт әлеміндегі маңызды да, қуанышты оқиғалардың бірі. Өздеріңіз білетіндей "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары футбол ойындарының барлық 64 матчын толығымен тікелей эфирде көрсетті. Ресейдегі FIFA 2018 футболдан әлем чемпионатының көрсеткіші 2014 жылғы Әлем чемпионатына қарағанда 16% -ға артты. "Qazaqstan" телеарнасында ең көп қаралған матч Ресей мен Египет командалары арасындағы ойынның үлесі 47,4% ал, көрсеткіші 6,97 пайызды құрады. Cондай-ақ, "Qasport" телеарнасында көрсетілген Ресей мен Хорватия командаларының ойыны үздіктер  қатарына кіріп, 44.3% үлесімен 7.32% рейтингтік көрсеткішке жетті", - дейді Ерлан Қарин..

Ал,  ең төменгі рейтинг "Швейцария - Коста-Рика" арасындағы матч болды, үлесі  5,3% құраса, рейтингісі 0,58% ғана болған.

"Айта кетейік, тағы бір жақсы жаңалығымыз - 2022 жылы Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатын трансляциялау құқығына ие болдық", - деді Қарин.

"Футболдан әлем чемпионатын тікелей эфирдегі көрсетілімін жоғары деңгейде өткіздік деп ойлаймын, себебі жақсы пікірлер айтылып жатты", - дейді  "Qazsport" телеарнасының директоры Павел Цыбулин.

Тұрақты комментаторлардан бөлек Есей Жеңісұлы, Ермұхаммед Мәулен, Сергей Раильян және басқалары арнайы шақырылды. Сондай-ақ, кейбір матчтарды оқиға алаңынан тікелей жеткізу үшін Руслан Бахытжан мен  Тимур Сүлейменов сынды білікті мамандар болды.

Павел Цыбулин ең үздік комментаторды анықтау үшін жарияланған байқаудың қорытындысын айтты.

"Байқау әлеуметтік желілерде корпорациямыздың барлық аккаунттарында жаряланған болатын.  14 комментатордың арасынан Ермұхаммед Мәулен мен Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян және Тимур Сүлейменов ең көп дауыс жинап, үздік комментатор атанды", - деді ол.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясына әлем чемпионатының трансляция жұмыстарын жоғары деңгейде өткізгені үшін FIFA -ның атынан алғыс хат жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу