Енді транзиттік көліктер Атырау арқылы өтпейді

922

Енді транзиттік көліктер Атырау арқылы өтпейді

Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Махамбет ауданындағы Жайық өзеніне салынып жатқан көпір құрылысының жұмысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Ж. Сүйіншәлиевтің айтуынша, Жайық өзені арқылы өтетін көпір республикалық маңыздағы "Атырау — Орал" автокөлік жолын облыстық маңыздағы "Атырау — Индер" автокөлік жолымен байланыстыратын Махамбет ауылында салынып жатыр. Көпір "Ақтөбе — Атырау — Астрахан" автожолының бір бөлігіне айналады: ол Ақтөбеден Астраханға дейінгі жолды қысқартып, транзиттік көлік ағынын Атырауға кіргізбей өткізуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады.

Махамбет ауданындағы жаңа көпір қосымша көлік дәлізін құрып, облыс орталығын кептелістен айтарлықтай арылтады. Жолдың жүретін бөлігі екі жолақтан тұратын болады, көпір бойында көліктің және өңір тұрғындарының тұрақты әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін жаяу жолдар қарастырылған. Сонымен бірге, жобаланған көпір өтпесі ауданда шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді.

Еске сала кетейік, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елбасының тапсырмасы бойынша Атырау облысына келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу