Енді жұмысты @EgovKzBot қосымшасында іздеуге болады

851

Енді жұмысты @EgovKzBot қосымшасында іздеуге болады

Жұмысты және қызметкерлерді @EgovKzBot қосымшасында іздеуге болады, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, жұмыссыздар мен жұмыс берушілер үшін әзірленген @EgovKzBot (Telegram-бот) арқылы екі қосымша қызметті іске қосты.

Бұл үшін жұмыс беруші немесе ізденуші "жұмыс табу" немесе "маман табу" деген қажетті команданы таңдау қажет.

"Жұмыс табу" қызметін таңдау кезінде пайдаланушы жұмысқа орналасқысы келетін аймақты көрсету, сондай-ақ қалаған позицияны (талдаушы, мұғалім және т.б.) көрсету қажет.

Нәтижесінде, @EgovKzBot пайдаланушысы электрондық еңбек биржасының enbek.kz сайтынан тартылатын жалпы түйіндемелердің санын алады, сонымен қатар, көтеріліп отырған мәселелер бойынша нақты бір қорытынды беру үшін мекемеде тексеріс өткізу қажет.

Жұмыс берушілерге  "маманды табу"  қызметі қажетті бос жұмыс орны (еркін толтыру) бойынша қызметкерді іздестіруге мүмкіндік береді. Ол үшін тиісті аймақты көрсетіп, сұралған деректерді көрсету қажет.

Нәтижесінде мамандардың барлық тізімінен жеке карточкаларын қарап, тиісті кандидатураны сұхбатқа/сұхбаттасуға шақыруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу