Ерейментау ауданы 90 жылдығын атап өтті

1103

Ақмола облысында Ерейментау ауданының 90 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерейментау ауданы 90 жылдығын атап өтті

Шарада Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауын жеткізген өңір басшысының орынбасары Айна Мысырəлімова ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы жетістіктері ел абыройын көтеруге септесіп жатқандығын атап өтті. 

"Тарихы тереңде жатқан Ерейментау жері талай ұлы тұлғалардың туған мекені. Абылай ханның серігі Бөгенбай батыр мен Үмбетей жыраудың қоныс тепкен жері. Бүгінгі таңда Ерейментау желден электр көзін алуда елімізде көш бастап тұр. Осыдан 3 жыл бұрын пайдалануға берілген жел электр стансасы елімізде жасыл экономиканың дамуына серпін беруде", – дей келе Айна Мысырəлімова өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ауданның бір топ тұрғынына облыс әкімінің алғыс хатын табыс етті.  

Сонымен қатар, аудан әкімі Виктор Радченкоға 2019 жылы ашылады деп жоспарланып отырған жаңа мұражайдың құрылысы үшін 100 миллион теңгенің сертификатын тапсырды.

Мерейтойлық шара "Көзіме бір көрінші, Ерейментау..." тақырыбындағы ақындар айтысымен, ұлттық спорт түрлерімен жəне Малтабар ауылының маңындағы атшабарда ат спорты ойындарымен жалғасын тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу