Ерлі-зайыпты Храпуновтардың ісі бойынша 212 куәгер тыңдалуда

691

Бұған дейін Виктор мен Лейла Храпуновты, Айяр Ильясовты сырттай қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған еді.

Ерлі-зайыпты Храпуновтардың ісі бойынша 212 куәгер тыңдалуда

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралалық сотта Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов пен оның жұбайының, сондай-ақ басқа да тоғыз айыпталушының ісі бойынша сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдын ала тыңдалымда судья қорғаушы тараптың қылмыстық істі тоқтату туралы арызын қанағаттандырмаған еді. Ерлі-зайыпты Храпуновтардың ісі бойынша 212 куәгер тыңдалуда. Іс материалдары 400 томнан тұрады.

Бұған дейін Виктор мен Лейла Храпуновты, Айяр Ильясовты сырттай қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған еді.

Істің қалған қатысушылары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Олардың қатарында Алматы әкімдігінің бұрынғы қызметкерлері де бар.

Қылмыстық іс бойынша Виктор мен Лейла Храпуновтардан басқат Қуандық Бексұлтанов, Алтай Қасымов, Яков Заяц, Абай Сапаров, Серік Есмұханов, Айяр Ильясов, Айнакүл Садықбаева, Абдул-Ғазиз Мұқашев, Абылайхан Қарымсақов, Ғабиден Қайымсұлтановтың істері сотта қаралуда. Іске қатысушылардың кейбіреуі әртүрлі кезеңдерде Алматы әкімдігінде жұмыс істеген.

Ерлі-зайыпты Храпуновтар ұйымдасқан топпен бірге мемлекет меншігін ұрлау, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, алаяқтық, пара алу, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру баптары бойынша айыпталуда. Қылмыстық әрекеттерден мемлекетке 250 млн АҚШ долларынан астам шығын келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу