Ертең Астанада қазақ күресінен Азия чемпионаты басталады

1325

Қазақтың ұлттық күресінен өтетін жарысқа әлемнің 10 елінен 50 спортшы қатысады деп күтілуде.

Ертең Астанада қазақ күресінен Азия чемпионаты басталады

26 тамызда Астанада Qazaq Kuresi бойынша Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz Халықаралық қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақтың ұлттық күресінен өтетін жарысқа әлемнің 10 елінен 50 спортшы қатысады деп күтілуде.

Бүгін Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан мен Моңғолия елдерінің спортшылары чемпионатқа қатысатындарын растады. Сондай-ақ, Иран, Пәкістан, Үндістан сынды елдер спортшыларын сынға дайындау үстінде.

Жарыс сегіз салмақ дәрежесінде және абсолюттік салмақтық дәрежеде өтеді. 

Жарты жылдың ішінде халықаралық чемпионат өткізіп үлгердік. Оған әлемнің 40 елінен спортшылар келіп қатысты. Сонымен қатар, жақында Батумиде қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу