banner

Ертіс өңірінде екі айда 800 адам аңшылыққа шықты

1098

Павлодар облысында 2018 жылы 1 қыркүйектен бастап суда жүзетін және қарағай орманының ақ құсын аулау күзгі маусымы жарияланған.

Ертіс өңірінде екі айда 800 адам аңшылыққа шықты

Аңшылық субъектілері ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өңірде 800-ге жуық адам аңшылық құруға шыққан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ҚР премьер-министрі орынбасарының 2018 жылғы 1 ақпандағы "2018 жылдың 15 ақпаны – 2019 жылдың 15 ақпаны аралығында жануарлар әлемі нысандарын алу лимитін бекіту" туралы бұйырығына сәйкес, Павлодар облысында 120 778 жануар аулауға болады.

Заңға сәйкес жануарлар әлемін арнайы қолдану салық заңнамасына сәйкес ақылы түрде жүзеге асырылады және мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады.

"Аңшылық шаруашылығының субъектілері жолдамаларды саудалауда бағаны өздері белгілейді, - дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қазбек Әметов. - ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің 2016 жылғы 14 маусымда шыққан бұйрығымен 16 ақпан - 14 маусым аралығында көктемгі аңшылыққа тыйым салынған. Нәтижесінде биыл  2017 жылмен салыстырғанда құстардың саны 20 пайызға өскен. Нақтырақ айтсақ, үйрек саны 919737-ден 1091300-ге, қаз 40605-тен 49965-ке, қасқалдақ 157068-ден 193130-ға және шіл 48642-ден 49066-ға дейін көбейген".

Инспекция басшысының айтуынша, 1 қыркүйек - 30 қараша аралығында үйрек, қаз, қасқалдақ, құр, 1 шілде - 30 қараша аралығында балшықшы құсын, 20 тамыз - 30 қараша аралығында бөдене мен көгершін, 1 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында қабан, 20 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында елік, 1 қараша - 15 ақпан аралығында қоян, түлкі, қарсақ аулауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу