Ертіске "Бактецид" препаратының мол қоры құйылды

717

Ертіске "Бактецид" препаратының мол қоры құйылды

Павлодар облысының тұрғындары қансорғыш жәндіктерге таланып жатыр. Биыл шыбын-шіркейлерді жою жұмыстары жылдағыдан ерте басталған, деп хабарлайды 24.kz.

Ертіс қойнауы өңделіп, өзен суына "Бактецид" препаратының мол қоры құйылды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 600 млн теңге де бөлінген. Алайда осыншама жұмыстан қайран болмай тұр. Мамандар бұған бірнеше дәлел келтіріп, ақталып әлек.

Біріншіден, шіркейлердің көзін түбегейлі жою мүмкін емес. Өңдеу жұмыстары олардың тек санын азайтады. Екіншіден, жәндіктер желмен ұшып келуі де мүмкін, дейді олар.

 - 100% нәтиже береді деп айтуға болмайды. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, бір шаршы дециметр жерге 2 мың 400 дернәсілден келеді. Егер жүргізілген жұмыстар тиімділігін 80% берген күннің өзінде біз шіркейлерден қашып құтыла алмаймыз, - дейді ғылыми қолдау тобының қызметкері Күләш Абылқасова.

Иван Кисиль, "Фитосанитария" мемлекеттік кәсіпорнының биологы:

- Біз Павлодар, Ақсу қалаларына тиесілі 12 мың 300 гектар алқапқа әуе арқылы өңдеу жүргіздік. Бұл жұмысты алдағы күндерде жалғастырамыз. Қосымша 4 мың гектар жерді дәрілейміз. Ертіс өзенінің аңғарлары, саябақтар мен скверлерде улау жұмыстары күн сайын жүргізіледі. Бұл жұмыстар таңертең және кешкілік – күніне екі мезгіл жүргізіледі, -  деп уәж айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу