Еуроодақ Brexit жоспарын қабылдамады

924

Себебі ол еуропалық нарықтың тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін.

Еуроодақ Brexit жоспарын қабылдамады

Еуроодақ Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй ұсынған Brexit жоспарын қабылдамады, деп хабарлайды 24.kz.

Себебі ол еуропалық нарықтың тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл туралы Еуропалық кеңестің жетекшісі Дональд Туск мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Еуроодаққа мүше 27 елдің басшысы Зальцбургте жиналып, Ұлыбританияның одақтан шығу жоспарын талқылады. Нәтижесінде Тереза Мэйдің шілде айындағы Чекерстегі Ұлыбритания үкіметінің отырысында жария еткен ұсыныстарын қолдамады.

"Мэйдің бағдарламасы Ұлыбритания мен Еуроодаққа ортақ сауда ережелерін құруды көздеген. Туск, бұл жоспар одаққа мүше елдер үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз", - деді.

"27 елдің ойы бір жерден шықты. "Чеккерс" ұсынысының оңтайлы тұстары болғанымен, жоспар экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Өйткені ол нарықтың тұтастығын бұзуы мүмкін", - дейді Еуропалық кеңестің президенті Дональд Туск.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу