Еуропалық одақ Йеменге қосымша 25 миллион еуро бөледі

805

Еуропалық одақ Йеменге қосымша 25 миллион еуро бөледі

Еуропалық одақ Йеменге қосымша 25 миллион еуро бөледі, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл қаражат жергілікті тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуге жұмсалады. Сөйтіп соңғы екі жыл ішінде Еуроодақтың мемлекетке бөлген қаржысы 200 миллион еуроға жуықтады.

Айта кеткен жөн, Йеменде 2014 жылдан бері үкімет жасағы мен көтерілісші хуситтер арасындағы қарулы қақтығыс толастамай тұр. 2015 жылдан бастап араб коалициясы әуе соққыларын жасап, жергілікті әскерге көмек көрсетіп келеді.

Өткен аптада ел астанасы Санадағы жағдай ушығып кетті. Өйткені хуситтер бірқатар мекемені басып алмақ болған. Көтерілісшілердің шабуылы кезінде елдің бұрынғы президенті  қаза тапты. Негізі бірнеше жылға созылған текетірестер кесірінен  елдегі құбырлардың көбі істен шыққан.

Таза ауыз су тапшы. Салдарынан тырысқақ індеті өршіп, 2 мыңнан аса тұрғын ауырып көз жұмды. БҰҰ-ның хабарлауынша, қазір 20 миллион Йемендік гуманитарлық көмекке мұқтаж.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу