Эвересті екі рет бағындырған альпинист Мұзтауға көтеріліп көрмек

1054

Эвересті екі рет бағындырған альпинист Мұзтауға көтеріліп көрмек

Эверестті екі рет бағындырған белгілі қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмабаев бастаған халықаралық экспедиция 23 маусым мен 1 шілде аралығында Таулы Алтайдың ең биік нүктесі – Мұзтауға көтеріліп көрмек. Экспедицияның жалпы құрамы 32 адамнан жасақталған. Жобаның мақсаты – еліміздегі экотуризмді дамыту, деп хабарлайды Алтайньюс.

Төбесі көк тіреген Мұзтаудың биіктігі 4,5 шақырым. Әйгілі ақ бас шың Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай Ұлттық қорығының аумағында орналасқан.

Туризімді дамыту жобасының аясында Таулы Алтай өлкесінде бірқатар экологиялық шаралар қолға алынып, туристік жерлер онан сайын көріктендірілетін болады.

– Шындап келгенде, біздің елімізде өркениеттің ұшығы тимеген, көздің жауын алатын көрікті жерлер жетеді. Бұл дегеніміз – туризмді қарыштатудың зор мүмкіндігі. Үйренеріміз де, атқаратын шаруамыз да көп. Дәл қазіргі басты мақсатымыз – туризм тірегіне айналатын жерлердің табиғи тұмсалығын сақтау, – дейді Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи қорығының бас директоры Жанболат Тыныбеков.

Аталмыш экспедиция Катонқарағай ұлттық қорығының туристік анықтамалығын жаңартуға қажетті мәліметтерді жинауға көмектеседі деп күтілуде. Бұдан бөлек Таулы Алтайдың табиғаты жайында деректі фильм түсірілмек.

Орман мен жан-жануарларды сақтап қалу мақсатында үлкен шаралар жасап жатқан Қазақстандағы БҰҰДБ жобаның іске асуына арқау болып отыр. ШҚО әкімдігі де жобаға қолдау білдіруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу