EXPO кезінде 6 мың ерікті жұмыс істейді

785

EXPO кезінде 6 мың ерікті жұмыс істейді

4 маусым көрме аумағындағы Амфитеатрда "ЭКСПО-2017" еріктілерін қабылдау өтті. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты. Көрмеде жұмыс істеу үшін әр айға 1,5 мың адамнан 4,5 мың ерікті дайындалған. 800 ерікті Қазақстан аймақтарынан: Алматыдан - 300, Қарағандыдан – 250, Павлодар мен Қостанайдан – 100, тағы 150 ерікті жақын және алыс 46 шетелден келген. Олардан бөлек қала аумағында 1500 ерікті жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу