Финляндияға сапарының соңында елбасы фин халқының қаза тапқан перзенттерінің рухына тағзым етті

758

Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері де қатысты.

Финляндияға сапарының соңында елбасы фин халқының қаза тапқан перзенттерінің рухына тағзым етті

Қазақстан резиденті Нұрсұлтан Назарбаев Карл Маннергейм бейіті мен "Батырлар кресі" ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Финляндия Республикасына ресми сапарының соңында "Хиетаниеми" мемориалды кешеніндегі Карл Маннергейм бейітіне және фин солдаттарының бауырластар зиратына орнатылған "Батырлар кресі" ескерткішіне гүл шоғын қойып, фин халқының қаза тапқан перзенттерінің рухына тағзым етті.

Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері де қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу