Футболдан Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары жолдастық кездесу өткізеді

919

Футболдан Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан футбол федерациясы Әзербайжан ұлттық құрамасымен жолдастық матч өткізу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды федерацияның ресми сайты. 
Ойын 5 маусым күні елордада "Астана Арена" стадионында өтеді.
Осы келісімнің аясында Қазақстан мен Әзірбайжан жастар құрамалары да жолдастық матч ойнайтын болды. Кездесу 4 маусымға жоспарланған. Бұл ойынды да "Астана Арена" стадионы қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу