Ғабидолла Әбдірахымов: Қалаға 1 мың автобус сатып алмақпыз

1835

Шымкент әкімі қоғамдық көлік мәселесін осылай шешпек.

 Ғабидолла Әбдірахымов: Қалаға 1 мың автобус сатып алмақпыз

Шымкентте  аудан әкімдерінің 2018 жылда атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есебі жалғасуда. Бүгін Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовтің қорытынды есепті жиынына қала әкімі  қатысты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қоғамдық көліктің қызметіне қатысты сын-ескертпелерді мұқият тыңдаған қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қалалықтарды бір қуантты.

"Сіздердің көтерген мәселелеріңізге қанықпын. Көлік компанияларының қызметіне қатысты арыздар көп, оны ескере отырып біз Шымкент қаласында муниципалды көлік паркін ашуды жөн көрдік. Қалаға 1000 автобус сатып алмақпыз. Олардың 300-і  жақын арада әкелінеді, ал қалғаны қараша айында  жеткізіледі. Биыл қоғамдық көлік мәселесін шешеміз. Кешкі уақытта жүру, қызмет көрсету сапасын арттырамыз",­– дейді­ Ғабидолла Әбдірахымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу