Газа секторындағы қақтығыста 7 адам көз жұмды

Тағы 250-ден астам кісі жарақат алды. Олардың арасында 50 жеткіншек бар. 

14 Қазан 2018 11:29
Газа секторындағы қақтығыста 7 адам көз жұмды  , Газа секторы, Палестина-Израиль

Газа секторындағы палестиналықтардың шекара маңындағы шеруі Израиль әскерилерімен қақтығысқа ұласып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Тағы 250-ден астам кісі жарақат алды. Олардың арасында 50 жеткіншек бар.

Израиль әскерінің дерегінше, наразылық шарасына 14 мыңнан астам адам шыққан. Акцияға қатысушылардың көбі шекарадағы жауынгерлерге тас, жанғыш шөлмек, жарылғыш заттар және гранаталар лақтырған.

Жалпы, бұл шекара маңындағы шеру биыл наурыз айында басталған. Палестиналықтар Израильден 1948-49 жылдары тартып алған жерлерін қайтарып беруді талап етуде. Жетпіс жыл бұрынғы соғыста өз қоныстарынан айырылған палестиналықтардың қатары қазір 5 миллионға жуықтаған.