Геннадий Головкин The Ring журналында қонақта болды

669

Геннадий Головкин The Ring  журналында қонақта болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин АҚШ-тағы басылымдардың бірі - The Ring  журналының редакциясында қонақта болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу барысында басылым қызметкерлері қазақстандық боксшы мен қарсыласы Сауль Альварестің суреті жарияланған журналдың жаңа санын таныстырды.
The Ring  журналы АҚШ-та 1922 жылдан бері шығып келе жатқан танымал бокс басылымы. Журналдың иесі - Оскар Де Ла Хойяның "Golden Boy Promotions" компаниясы.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні АҚШ-та өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу