Глеб Брусенский топтық жарыста жеңіске жетті

806

Велошабандоздар әлі үш күн жарысады.

Глеб Брусенский топтық жарыста жеңіске жетті

Қазақстандық велошабандоз Глеб Брусенский Аргентинада өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында топтық жарыста бірінші келді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол 63,9 шақырымдық қашықтықты 1:30:58 уақытымен жүріп өтті. Тағы бір спортшымыз Евгений Федоров 1:31:03 уақытымен сегізінші болып мәреге келді. Осылайша Глеб 100, Евгений 20 ұпай еншіледі. 

Велошабандоздар әлі үш күн жарысады. Солардың қорытындысы бойынша жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу