banner

Головкин Канелоны құлатады

755

Головкин Канелоны құлатады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес өз шәкіртінің мексикалық Сауль Альвареспен болатын алдағы жекпе-жегінде бокстасу мәнеріне өзгерістер енуі мүмкін екенін хабарлады, деп жазды Sports.kz.

"Хулио Сесар Чавес бір стильмен жүзден аса жекпе-жек өткізді және ол ең мықты мексикалық боксшы. Головкин алдағы жекпе-жекте бірден шабуылға шығып, қарсыласын нокаутқа түсіруге тырысады. Біз тағы да бірінші жекпе-жектегі сияқты жеңіске жететін боламыз", –  деді Абель Санчес.

"Канело" мен GGG екінші жекпе-жектерін 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізеді. Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу