RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
2.38Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7

Головкин мен «Канелоның» үшінші айқасы бойынша келіссөздер басталды

GGG мен «Канелоның» алғашқы екі жекпе-жегі Лас-Вегаста өткен еді. Бірінші айқас даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншіде төрешілер жеңісті Альвареске берді.

105 12 Қаңтар 2019 13:12

Головкин мен «Канелоның» үшінші айқасы бойынша келіссөздер басталды, Головкин - «Канело», үшінші айқас, келіссөз

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі бойынша келіссөздер процесінің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мексикалық жақ айқасты  Лас-Вегаста «Синко де майо» мекересінде демалыс күні өткізуді жоспарлап отыр. Бұдан бұрын олар «Канелоның» рингке 4 мамырда оралатынын мәлімдеген еді. 

«Кеше Головкиннің адамдарымен алдын ала келіссөздер өткіздім. Біз «Синко де майо» мерекесінде үшінші жекпе-жек өткізуді ұсындық. Бұл Лас-Вегаста бокс үшін маңызды дата. Сондықтан, біз келіссөздерді бастаймыз. «Канело» кез келген боксшымен айқасуға дайын. Олардың үшінші жекпе-жегі - жақсы мүмкіндік. Келіссөздер басталды, соңы не болатынын көреміз», – деді Де ла Хойя ESPN Houston радиосына берген сұхбатында.

Еске салайық, GGG мен «Канелоның» алғашқы екі жекпе-жегі Лас-Вегаста өткен еді. Бірінші айқас даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншіде төрешілер жеңісті Альвареске берді.

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK