Грекияда орман өртінен 20 адам көз жұмды

629

Грекияда орман өртін сөндіру қиынға соғып жатыр. Туристер еліне қайтуда.

Грекияда орман өртінен 20 адам көз жұмды

Грекия астанасы Афинаға жақын жерде орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Өрт шаһардан 50 шақырымдай жердегі таулы аудандағы қарағайлы орманнан шыққан. Бірақ лаулаған жалынның түтіні Афинаға дейін жетіп, шаһарды тұмшалай бастады. Салдарынан 20 адам қаза тауып, 88 адам жараланды. Олардың 11-і ауыр халде жатыр.

Сондай-ақ өрттен бірнеше ондаған көлік пен баспана зақымдалды. Елдегі туристердің күйі тайып, отандарына оралу жағын қарастырып жатыр.

Қазір тілсіз жаумен бірнеше бригада күресіп, 3 ұшақ пен 2 тікұшақ  жұмылдырылды. Бірақ мамандар қатты жел оны сөндіруге кедергі келтіріп отырғанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу