Грузия тарихында алғаш рет әйел адам президенттікке сайланды

1077

Грузия тарихында алғаш рет әйел адам президенттікке сайланды

Саломе Зурабишвили президенттік сайлауда жеңіске жетіп, Грузия тарихындағы тұңғыш әйел президенті атанды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұрынғы сыртқы істер министрі өзінің қарсыласы Григола Вашадзені 20 пайыз дауыспен басып озған. Грузияның орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәліметке сәйкес Зурабишвили 59,52% дауысқа ие болды. Ал оппозиция мүше Григол Вашадзе 40,48% дауыс жинаған.

Президент инаугурациясы желтоқсанның 16 күні өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу