banner

Грузияда шетелге сату үшін есірткі өсіруге рұқсат етілді

1424

Заң жобасында бұл есірткі түрінің косметикалық құралдар мен фармацевтикада қолданылуы үшін өндірілетіндігі айтылған.

Грузияда шетелге сату үшін есірткі өсіруге рұқсат етілді

Грузия билігі марихуана өсіріп, шет елдерге экспорттау үшін заң жобасын дайындады, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Оған қоса, бұл елдің Конституциялық соты 30 шілде күні марихуана пайдаланғандарға белгіленетін арнайы жазаны алып тастаған болатын. Бұрын оларға 500 лари, яғни 700 мың теңге шамасында айыпұл салынатын еді.

Иә, марихуанаға қатысты арнайы заң жобасында бұл есірткі түрінің косметикалық құралдар мен фармацевтикада қолданылуы үшін өндірілетіндігі айтылған. Бұл іспен лицензиясы бар өндіріс орындары ғана айналысады. Оны мектепте, қоғамдық орындарда қолдануға болмайды. Сондай-ақ белгілі бір кәсіп иелеріне де пайдалануға тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу