Гүлшара Әбдіқалықова елбасының құттықтауын жеткізді

697

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараға қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова елбасының құттықтауын жеткізді

Мерейтойға парламент депутаттары, мемлекеттік органдар жетекшілері, қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым және жұртшылық өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Іс-шараға қатысушылар Бұқар жырау ескерткішіне гүл шоғын қойды. Одан кейін "Күміс көмей әулие" атты театрландырылған қойылымды тамашалады.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтау хатын оқып берді. Онда Бұқар жырау қиын-қыстау жылдарда өткір жырларымен елді ұйытып, ата мекенімізді жаудан қорғауға шақырған көрнекті тұлға делінген. Біз – бақытты ұрпақпыз, өйткені ұлы бабамыз армандаған біртұтас ұлт және қуатты мемлекет құрдық. Сондықтан Бұқар жырау мұрасы әрдайым өзекті болып қала береді.

Іс-шара аясында эстрада жұлдыздарының, Қарағанды облысының шығармашыл топтарының – Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік өнерпаздарының қатысуымен концерт өтті.

Сондай-ақ қазақша күрес, аударыспақ, аламан бәйге, топ бәйге, қыз қуу, көкпар және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу