banner

Халық саны 1,3 пайызға өсті

820

 Халық саны 1,3 пайызға өсті

2018 жылғы 1 маусымда еліміздегі халық саны 18 253,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 514,3 мың (57,6%), ауылдықтар – 7 739,0 мың адамды (42,4%) құрады. Бұл туралы ҰЭМ статистика комитеті хабарлады.

2017 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 239,1 мың адамға немесе 1,3% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-мамырда туылғандар саны 159,9 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,9% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,15 туылғандарды құрады.

2018 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,8 мың адамға немесе 3,8% көбейіп, 103,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,69 адамды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу