Халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға тағы бір ірі компания қосылды

690

Өзара бірлесіп әріптестік жасау туралы меморандумға астана әкімдігі мен "Evrikum" паркінің басшылығы қол қойды. 

Халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға тағы бір ірі компания қосылды

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметке бейімдеуге бағытталған және де халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға тағы бір ірі компания қосылды, енді ерекше күтімді қажет ететін балалардың  "Evrikum" ғажайып паркіне тегін баруға мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Өзара бірлесіп әріптестік жасау туралы меморандумға астана әкімдігі мен "Evrikum" паркінің басшылығы қол қойды. Құжатқа сәйкес ойын-сауық паркінің есігі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетім балалар үшін әр сәрсенбі күні сағат 12:00-ден 13:30 ашық тұрады. Бұдан басқа, паркке қаладағы психологиялық-педагогикалық кабинеттің және "Қасиетті Жол", "Солнечный Мир", "Дар", "Равные возможности" қоғамдық қайырымдылық қорынан да балалар келеді.

"Evrikum" ғажайыптар паркінің бас директоры Михаил Мармуздың айтуынша, қазір ДЦП диагнозы бар және аутизм спектрі ауытқыған балалар үшін де тұрақты түрде ойын-сауық танымдық экскурсия ұйымдастыру туралы мәселені қарастырып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қоғамдық даму істері басқармасы "Кедергісіз Қазақстан" акциясын іске қосқан болатын. Шараның мақсаты меценаттық жасаудың қағидаларын ілгерілету және халықтың азаматтық белсенділігін жоғарылату.

 "Кедергісіз Қазақстан" акциясына кез келген меценат қатыса алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу