Хорватия футболшысы несиесі бар ауылдастарының қарызын өтеп берді

722

 Хорватия футболшысы несиесі бар ауылдастарының қарызын өтеп берді

Футболдан Хорватия ұлттық құрамасының мүшесі Анте Ребич басында несиесі бар ауылдастарының барлық қарызын өтеп берді. Бұл туралы Еurosport-қа сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

Жартылай қорғаушы Анте Ребич туып-өскен ауылда қазір 500-ге тарта адам тұрады.

"Ребич Сплит маңындағы елдімекенде туып-өсті. 19 жасында Италияның "Фиорентина" клубына кеткен болса да, тамыр жайған топырағын ұмытпады. Кішігірім ауылдың басында несиесі бар барлық тұрғындарының қарызын төлеп берді", - деп жазады Vijesti басылымы.

Айта кетейік, Ребич Хорватия сапында Ресейде өткен 2018 жылғы Әлем чемпионатының 6 кездесуіне қатысып, Аргентина қақпасына бір гол соқты. Кеше, 15 шілдеде Хорватия құрамасы Франциямен финалдық ойында кездесіп, мундиальдың күміс жүлдесін иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу