I жартыжылдықта өндірістік жайларды жалға алу қымбаттады

689

 I жартыжылдықта өндірістік жайларды жалға алу қымбаттады

2018 жылғы I жартыжылдықта өндірістік жайларды жалға алу бағасы - 1,4%, тұрмыстық қызмет көрсететін пункттер, сервистерді – 0,6%-ға өсті. Паркингтерді жалға алу бағасы 1%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Ағымдағы жылғы маусымда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ең жоғары өсім көлік жууды жалға алуда болды, баға 4,5%-ға көтерілген. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша станцияларды жалға алу – 3%, шаштараздар және сұлулық салондарды  – 2%, өнеркәсіптік базаларды жалға алу - 1,7% -ға өскен. Асханаларды жалға алу бағасы - 1,1%, жер асты және жер үсті паркингтерінің жалға берілу бағасы 1%-ға арзандады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу