Илья Ильин жаттығуда жаңа нәтижелерге қол жеткізді

1015

Илья Ильин жаттығуда жаңа нәтижелерге қол жеткізді

Атақты қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин жаттығуда жаңа нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды prosports.kz.

Допинг дауына байланысты ұзақ уақыт жарыстардан шеттетілген Илья маусым айынан бастап үлкен спортқа қайта оралуға мүмкіндік алған. 

Өзінің бұрынғы атақтарын қайтарып алуға білек сыбана кіріскен атлет жаттығулардың бірінде 175 келіні (Жұлқа көтеру) бағындырған екен. Оны өзі Instagram желісіне салып: "Міне, бүгін 175 келіні көтердім. Бұл менің кішгірім жеңісім. Бұндай жетістіктер мені үлкен мақсатыма жетелейтін күш", - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Илья Ильин 2014 жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатында 190 келі (Жұлқа көтеру) салмақты еңсерген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу