Индонезияда 87 сотталушы түрмеден қашып кетті

804

Индонезияда 87 сотталушы түрмеден қашып кетті

Индонезия полициясы елдің батысындағы Банда-Ачех қаласында түрмеден қашып кеткен 87 адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Associated Press-ке сілтемемен 24.kz. хабарлайды.

Жазасын өтеушілер 720 сотталушыға намаз оқу үшін камерадан шығуға рұқсат берілген уақытта қашып үлгерген.

"Олар күзетшілерді ұрып-соғып, байлап кеткен. Алайда күзетшілер қатты жараланбаған",- деп атап өтті АР.

Барлығы 113 адам қашпақ болған екен, алайда олардың 26-сы ұсталып қалған, ал 87-сі қазір бостандықта жүр.

Банда-Ачеха қаласының полициясы жолдарды жауып, қашқындарды іздестіріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу