Индонезияда суға батқан паромның жолаушыларын іздестіру әлі жалғасуда

647

Индонезияда  суға батқан паромның жолаушыларын іздестіру әлі жалғасуда

Индонезияның Солтүстік Суматра провинциясындағы Тоба өзенінде бір тәулік бұрын апатқа ұшыраған паромның жолаушыларын 350-ге жуық құтқарушы әлі іздестіріп жатыр, деп хабарлады сейсенбі күні жергілікті ақпарат құралдары.

Биліктің мәліметі бойынша,  суға батып кеткен паромда 80-ге жуық адам болған. Олардың біреуі қаза болса, 18-ін аман алып қалған. Дегенмен  табиғат апаты салдарын жою жөніндегі жергілікті агенттікке паром суға кеткен соң туған-туысқандарынан қол үзіп қалғандарын айтып 65-тей адам хабарласыпты.

Билік өкілдерінің пайымдауынша,  паром  жолаушы тасымалымен заңсыз шұғылданып келген.

Су көлігінің апатқа ұшырау себебі әзірше белгісіз. Іздеу жұмыстарын жүргізуге ауа райының қолайсыздығы, атап айтқанда биік толқындар кедергі келтіріп жатқанға ұқсайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу