Инна Клинова Азия ойындарының чемпионы

930

Қазақстан құрамасының қоржыны бағалы алтынмен толықты. 

Инна Клинова Азия ойындарының чемпионы

Қазақстан құрамасының қоржыны бағалы алтынмен толықты. Байдаркамен 200 метрге жарысудан инна клинова Азиада чемпионы атанды, деп хабарлайды olympic.kz.

Қазақстандық спортшының нәтижесі – 42.045. Ол қытайлық қарсыласынан 0.462  секундқа озып кетті. Қола жүлде жапониялық спортшының еншісінде.

"Мен жеңіске жетемін деген мақсат қойдым. Өйткені, бұл еліміз үшін маңызды дода. Сондықтан, психологиялық тұрғыдан аздап қиындық туды. Барлығы осылай аяқталғанына ризамын. Енді төрт адамдық жарыста барымды саламын. Қолдауларыңызға рахмет! Бұл жеңісімді барша Қазақстан халқына және Денис Теннің рухына арнаймын", - деді Клинова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу