Инновациялар байқауының жеңімпаздары анықталды

546

Инновациялар байқауының жеңімпаздары анықталды

"Городская среда: Умный район" инновациялық байқауының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы "Astana Innovations" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев мәлімдеді, деп хабарлайды ortcomkz.

"Үш күн аралығында байқауға қатысушылар инновациялар, урбанистика және "жасыл" технологиялар бағыттары бойынша өз шешімдерін ойлап ұсынған болатын", - деді орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында  Олжас Сартаев.

Оған қоса, жеңімпаздардың "Ақылды аудан" атты жоба аясында ұсынған шешімдерін жүзеге асыру мүмкіндігін алды. Гран-при жүлдесін "Sredalab" командасы иеленді. Олардың ұсынған шешімі — қысқы жылыжайларды құру. Бірінші орынға көлік тұрақтарына арналған AirBnB ұқсас жүйені құруды үсынған "Nurcelona" командасы ие болды. Екінші орынды - "RainTech" командасы алды. Олар қалалық дренаждық жүйені құруды ұсынды. Үшінші орынға мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арнайы IT мектебін ашуды ұсынған "Школа IT технологий" командасы иеленді.

Әкімнің арнайы жүлдесімен "King Win" командасы марапатталды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 3 300 000 теңгені құрады. Қатысушылардың жұмысын шетелдік сарапшылар, ықтимал инвесторлар және мемлекеттік қызметкерлер бағалаған болатын.

Байқау халықаралық сәулетшілер конгресінің аясында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу