Инвесторлар жаңа Түркістанның құрылысына кіріспек

1181

Әкімшілік іскерлік орталықта жаңа облыстық әкімдік, басқармалар мен департаменттер және конгресс орталық пен "Риксос" қонақ үйі ғимараттарының құрылысы қатар жүретін болады. 

Инвесторлар жаңа Түркістанның құрылысына кіріспек

BI Group компаниясы Түркістан қаласында 50 мың шаршы метрді құрайтын бизнес орталықтың жобасын ұсынды. Орталықта офистік бөлмелер, мәжіліс залдары, жерасты автотұрақ орналасатын болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қазақстандық инвесторлар BI Group және "Саутс-Ойл" компанияларының өкілдерін қабылдады. Жүздесуде инвесторлар облыс орталығы Түркістан қаласын дамытуға өз үлестерін қосуға ниет білдірді. BI Group компаниясы 50 мың шаршы метрді құрайтын бизнес орталықтың жобасын ұсынды.

Ал "Саутс-Ойл" компаниясы 120 бөлмелік 5 жұлдызды қонақ үйдің сәулет жоспарлау эскиздерін таныстырды. Қонақ үй бөлмелері стандартты, люкс орындарынан бастап, ең жоғарғы үлгіде жабдықталған жайлы бөлмелермен, мейрамхана және концерт залымен қамтылмақ.

Ғимараттардың жобаларымен танысқан облыс басшысы инвесторларға эскиздік жұмыстарды жетілдіріп, құрылысты уақытылы бастау қажеттігін жеткізді.
"Әкімшілік іскерлік орталықта жаңа облыстық әкімдік, басқармалар мен департаменттер және конгресс орталық пен "Риксос" қонақ үйі ғимараттарының құрылысы қатар жүретін болады. Жұмысшылар 3 ауысыммен жұмыс істейді. Барлық ғимараттардың жоспарын толық әзірлеп, қазірден құрылысты бастау керек", — деді Жансейіт Қансейітұлы.

BI Group компаниясы өкілдері жаңа әкімшілік іскерлік орталықта облыстық әкімдік пен аумақтық мекемелер ғимараттарының және Конгресс орталықтың құрылысын жүргізеді. Орталықта форум, саммит, концерт залдар орналасатын болады. Компания мамандарының айтуынша, құрылысы басталса, аталған барлық нысандар 1 жарым жылдың ішінде толық аяқталмақ.

Кездесу қорытындысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев инвестициялық жобаларды іске асыруға инвесторлар мен әкімдік арасында бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеп, жұмыс тобын құруға тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу