Ирак астанасы Бағдадта бірнеше жарылыс болды

2012

Ирак астанасы Бағдадта бірнеше жарылыс болды

Ирак астанасы Бағдадта бірнеше жарылыс болып, 8 адам қаза тапты. Тағы 16 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірінші бомба шаһардың оңтүстігіндегі Аден алаңында іске қосылған. Содан кейін қаланың шығысы, оңтүстігі және солтүстігіндегі аудандарда да жарылыстар болған.

Әзірге терактілерді қандай лаңкестік топ жүзеге асырғаны белгісіз. Шабуылды ұйымдастырушылар іздестіріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу