banner

Иранда ұсталған қазақстандық режиссер елге келе жатыр

732

Иранда ұсталған қазақстандық режиссер елге келе жатыр

Саясаттанушы Ерлан Карин қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеевтің елге қайтып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қанат Бейсекеевтің жағдайы жақсы. Ол үйіне ұшып келе жатыр. Жұмысқа байланысты бір жағдай туындады, бірақ мәселе шешілді", - деп жазды Карин.

Айта кетсек, бүгін қазақстандық режиссер, деректі фильмдер режиссері, сценарист және оператор Қ. Бейсекеевтің Иранда ұсталғаны туралы PR-маман Әлішер Елікбаев айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу