Италияда зиянды азық-түліктерге салық салынбақ

1442

Италияда зиянды азық-түліктерге салық салынбақ

Біріккен ұлттар ұйымы құрамында май, қант және тұзы бар өнімдерге акциз енгізбек, деп хабарлайды 24.kz.

Осылайша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зиянды өнімдерді тұтыну санын азайтып, халықты қант диабеті және жүрек-тамыры аурулары сынды дерттің алдын алмақ. Егер қарар заңмен бекітілсе, тіпті зәйтүн майына да қосымша салық салынады.

Италияның ауыл шаруашылығы және азық-түлік саясаты жөніндегі министрі Джанмарко Чентинайо бұл жаңалықты "таза сандырақ" деп отыр. Себебі пармезан ірімшігі, Парма ветчинасы және шарапқа акциз енгізу, ел экономикасы үшін үлкен шығын әкелмек. Одан бөлек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "зиянды өнімдердің қаптамасына қазір темекінің сыртында бейнеленген сынды қорқынышты суреттерді жабыстырып, ескерту сөздерін жазу керек", – дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу