banner

Италияның 11 облысында төтенше жағдай жарияланды

1165

Табиғи апаттың салдарынан 30 адам мерт болған. Алапат дауылдан миллиондаған ағаш құлап, курорттар мен туристік порттар қираған. 

Италияның 11 облысында төтенше жағдай жарияланды

Италия министрлер кеңесі толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан зардап шеккен елдегі 20 облыстың 11-іне төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы хабарлама бейсенбі күні Италия үкіметінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай 2 қазаннан бері табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге енгізілді. Атап айтқанда, Калабрия, Эмилии-Романье, Фриули-Венеция-Джулия, Лацио, Лигурия, Ломбардия, Сицилия және Сардиния аралдары, Тоскана, Венето және Трентино - Альто-Адиджада.

Үкімет табиғи апаттың келтірген залалын жою үшін €53,5 млн бөлді. Тағы €200 млн таяу уақытта бөлінеді.

Аймақ өкілдері бұл қаржының жетіспейтіндігін мәлімдеді. Инфрақұрылым және көлік министрі Данило Тонинеллидің алғашқы бағалауы бойынша, Апеннинамда келтірілген залал 3 млрд еуроны құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу