Израильдік дәрігерлер Астана перзентханаларында көз жұмған әйелдерге байланысты пікір білдірді

656

Шетелдік дәрігерлер Астананың қазіргі өмір сүріп жатқан жағдайында ол әйелдерді аман алып қалу мүмкін емес еді деген пікірде.

Израильдік дәрігерлер Астана перзентханаларында көз жұмған әйелдерге байланысты пікір білдірді

Израильдік дәрігерлер Астана перзентханасында қайтыс болған әйелдердің өлімінің алдын алу мүмкін болмағанын айтты, деп хабарлайды elorda.info.

"Шын мәнінде бірнеше оқиға болды, бұл бізді айналып өтпеді. Біз – комиссия емеспіз, ешқандай ресми қорытынды беру үшін шақырылған жоқпыз. Әріптес ретінде бұл оқиғаға "біз не істер едік?" деген тұрғыдан қараймыз. Басқалай істеуге болар ма еді? Барлық құжаттармен танысып, қаланың қазіргі өмір сүріп жатқан жағдайында ол әйелдерді аман алып қалу мүмкін болмағанын көріп отырмыз. Біздің елде болған жағдайда, осылай аяқталар еді", - деді MVI медициналық орталығының бас директоры Наталья Мелех-Хедват №1 перинаталдық орталықта болған баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мұндай жағдайды болдырмау үшін көп нәрсе жасауға болатынын айтты. Медициналық орталықтың мамандары Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді.

"Бұл жұмыс халықтың әлеуметтік дайындығы деңгейінен басталады, оны тұтас өзгерту керек. Міндетті профилактика, әйелдің өзінің денсаулығына деген әлеуметті жауапкершілік болуы керек. Бір жағдайда белгілі болғаны, әйел бірде-бір рет тексеруден өтпеген, тұқым қуалайтын аурудың болуы қайғылы оқиығаның себебі болуы мүмкін", - деді ол.

Израильдік маман Астананың ана өлімінің статистикасы кейбір дамыған елдермен салыстырғанда жақсы екенін айтты.

"Статистика өте жақсы, кейбір еуропалық стандарттарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, Америкаға қарағанда екі есе жақсы. Болған жағдайдар сәйкестік қана. Екі жылда бұл қалада ондай оқиға орын алмаған болатын", - деді ол.

Айта кетейік, 21 маусымда Астанадағы №1 перинаталдық орталықта  босану кезінде әйел адам көз жұмған болатын. 25 маусымда және 2 шілдеде сол орталықта тағы екі әйел көз жұмды. 16 шілдеде №2 перинаталдық орталықта босанғаннан кейін бір әйел қаза тапты. Дәрігерлер перзентханада көз жұмған әйелдердің балаларының жағдайы туралы айтты. Ал осы оқиғаларға байланысты республикалық комиссияның қорытындысы 20 тамызда белгілі болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу