Йеменде әуе соққысынан 40-қа жуық адам қаза тапты

671

Йеменде әуе соққысынан 40-қа жуық адам қаза тапты

Саудия бастаған одақтас елдер Йемен астанасындағы хуситтердің жиынын әуеден соққылап, 40-қа жуық адам мерт болды, деп хабарлайды 24.kz.

Марқұмдардың дені хуситтердің жоғары лауазымды тұлғалары мен дала командирлері.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, әскери ұшақтар Сана қаласын бірнеше мәрте бомбалаған. Нысанаға негізінен Ішкі істер министрлгі мен дайындық лагері және үкімет үйі алынған.

Шабуыл ішкі істер министрлігің басшысы Абдель Хаким әл-Хайванидің көзін жоюды көздеген. Өйткені ол – хуситтермен соғысып жатқан мемлекеттердің қара тізіміндегі адамның бірі.

Айта кетейік, Йемендегі соғыс 2014 жылы хусит бүлікшілері президент Мансур Хадиді биліктен қуып, Сана қаласын басып алғаннан бері жалғасып келеді. 2015 жылы Саудия бастаған одақтас елдер президент Мансур Хадидің билігін қалпына келтіру үшін хуситтерге қарсы әскери қимылдарды бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу