Йеменнің миллиондаған тұрғыны аштық азабын тартуда

751

Йеменнің миллиондаған тұрғыны аштық азабын тартуда

Йемен республикасында қарулы қақтығыс басталған уақыттан бері елдің 2,8 миллион тұрғыны өз үйлерін тастап, босып кетті, деп хабарлайды kazislam.kz.

Йемендегі босқындар лагері қызметін үйлестіру жөніндегі департамент өкілі Неджиб ас-Садидің айтуынша, 300 мың босқын елді тастап, Египет, Сауд Арабиясы, Түркия, Джибути, Малайзия, Судан, Сомали және Иордания мемлекеттерінен баспана тапқан. Йеменнің миллиондаған тұрғыны аштық азабын тартуда, бұған қоса елді тырысқақ дерті жайлаған.

Еске сала кетсек, Йеменде қарулы қақтығыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Соғыстың бір тарапында көтерілісші отряд және тақтан кетірілген президент Әли Абдуллах Салих билігінің жақтастары, қарсы тарапта – қазіргі президент Абдурабб Мансур Хадидің үкіметтік әскері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу