Қайрат Әбдірахманов Бейжіңде Си Цзиньпинмен кездесті

893

Қайрат Әбдірахманов Бейжіңде Си Цзиньпинмен кездесті

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Бейжіңге жасаған ресми сапарында Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының ғимаратында Қытай Төрағасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына келген 8 мемлекеттің министрін қабылдады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзінің 17 жылдық ерекше даму жолында өңірлік ықпалды ұйымға айналды.

"Қазір оның аясында саяси, экономикалық, мәдени және қауіпсіздік салаларындаға әріптестік тұрақты өрбіп келеді", – деп атап өтті Си Цзиньпин.

Оның айтуынша, мемлекеттің сыртқы саясатындағы басым бағыттың бірі – Шанхай ынтымақтастық ұйымының дамуына жағдай жасау. Қытай өзге елдермен бірлесіп дамуға, саяси салада өзара қолдау көрсетуге және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын. Әсіресе "Бір белдеу, бір жол" аясында аймақтық экономикалық байланысты тереңдетуге әзір. Бүгін Бейжіңдегі Дяютай резиденциясында сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды.

Бұл жолғы жиынның басты міндеті алдағы маусымда Қытайдың Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер мемлекет басшыларының саммитіне дайындық болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу