Қаламқас мұнай-газ кен орнында Қытай азаматы көз жұмды

1426

Қаламқас мұнай-газ кен орнында Қытай азаматы көз жұмды

Маңғыстау облысындағы Қаламқас мұнай-газ кен орнында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

"Аталған факт Маңғыстау АІІБ-нің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша тіркелген. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді баспасөз қызметінен.

Қайтыс болған жұмысшы Қытай азаматы болған.

Әзірге оқиғаның қалай орын алғаны туралы айтылған жоқ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу