banner

Калифорнияда өрттен қаза тапқандар саны 20-дан асты

553

Калифорнияда өрттен қаза тапқандар саны 20-дан асты

АҚШ-тың Калифорния штатындағы өрттен қаза тапқандардың саны 23-ке жетті. 35 адам із-түзсіз жоғалып, 3 өрт сөндіруші жарақат алған, деп хабарлайды 24.kz.

Ресми дерекке сүйенсек, қызыл жалын 362 шаршы шақырым жерді күлге айналдырған. 7 мыңға жуық құрылыс нысаны өртеніп кетті.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп орман өртіне байланысты Калифорния штатында төтенше жағдай жариялады. Қазір осы аймаққа федералдық көмек көрсетіліп жатыр. Жергілікті билік апатты аймақтан 150 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу