Қарағанды облысы полициясының автомобиль паркі 127 көлікпен толықты

1915

Полиция үшін арнайы автокөлік сатып алуға 648,5 млн теңге жұмсалған. Жаңа көліктерде жол полицейлері, ІІБ аумақтық қызметкерлері мен учаскелік полицейлер жүретін болады.

Қарағанды облысы полициясының автомобиль паркі 127 көлікпен толықты

Қарағандылық полицейлер мен құтқарушыларға арналған жаңа техника сатып алуға 850 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы полициясының автомобиль паркі 127 көлікпен толықты. Ал аймақ құтқарушыларында 32 метр биіктікте өрт сөндіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы автокөтергіш пайда болды. 

Бүгін, 17 қазанда Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ІІД және ТЖД басшылықтарына жаңа автокөліктердің және арнайы техниканың кілттерін табыс етті. Салтанатты шара Қарағанды орталығында, Тәуелсіздік алаңында өтті. 

"Жыл сайын облыстың ІІД және ТЖД материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне облыстық бюджеттен қаражат бөлінеді. Өткен жылы біз полицейлерге 150 қызметтік көліктердің кілттерін табыс еттік. Бүгін полиция тағы 127 көлік, ал құтқарушыларымыз – 10 бірлік арнайы техника алып отыр", - деді Ерлан Қошанов. 

Аймақ басшысы құқық қорғау қызметіне нәтижелі жұмыс атқаруды тіледі. 

Полиция үшін арнайы автокөлік сатып алуға 648,5 млн теңге жұмсалған. Жаңа көліктерде жол полицейлері, ІІБ аумақтық қызметкерлері мен учаскелік полицейлер жүретін болады.

"Әрине, бұл біздің қоғамдық тәртіпті қорғаудағы, ізінше қылмыстарды ашуда жеделділігімізді арттыратын болады, - деп атап өтті облыстық ІІД бастығы Мергенбай Жаппаров. – Жыл сайын ескі техниканы шығынға шығарамыз". Биылғы жылы 38-40 автокөлік қолданыстан шығарылады. Жәнеде біз әлі де автомобиль паркінің жаңартылуына мұқтажбыз. Бұл ретте облыс басшылығы бізге айтарлықтай қолдау көрсетіп жатыр. 

Құтқарушыларға арналған арнайы техниканы сатып алу 206,2 млн теңге жұмсалды. Облыстық ТЖД бастығы Ыбраһым Күлшімбаевтың айтуынша, соңғы екі жылда ведомствоның материалдық-техникалық жабдықталуы айтарлықтай жақсарды – шамамен 20% техника жаңартылды. 

"Басқа облыстармен салыстырғанда, жол талғамайтын көліктер санының ең көбі бізде. Олар көктемгі су тасқыны мен қар басып қалған кездерде далаларда іздестіру-құтқару операцияларын өткізу үшін қажет. Осыған дейін қармен және батпақпен жүретін үш көлік болған, тағы біреуі сатып алынды. Бұл машина ресейде жасалған, жетілдірілген, анағұрлым қуатты және мықты", - дейді ТЖД бастығы. 
Жаңа қармен және батпақпен жүретін көлік жедел-құтқару жасағына берілді. 

Құтқарушылардың тағы бір жаңа техникасы – белорусте шығарылған 32 метрлік автобүгілмелі арнайы көтергіш. Ол өрт сөндірушілерге 5 минут ішінде тоғыз қабатты үйдің төбесіне шығуға мүмкіндік береді. Мұндай арнайы техника зәулім үйлері бар ірі қалаларда ерекше өзекті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу