Қарағанды облысында 13 ауылдық округтің әкімдері сайланды

962

Сайлау 13 елдімекен мен алты ауданда өтті.

Қарағанды облысында 13 ауылдық округтің әкімдері сайланды Фото: today.kz

Қарағанды облысында 13 ауылдық округтердің әкімдері сайланды, оның ішінде 2 -уі әйел, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында 29-шы тамызда ауылдық округтер мен ауыл әкімдері сайланды. Сайлау 13 елдімекен мен алты ауданда өтті: Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Ұлытау.
Сайлау нәтижелері туралы Қарағанды облыстық сайлау комиссиясында айтылды. 
Жаңадан сайланған 13 ауылдық әкімдердің ішінде екеуі әйел.
Жаңадан сайланған әкімдердің жас мөлшерлері – 29 бен 52-нің арасында. Олардың дені мемлекеттік қызметкерлер, аудандық және ауылдық әкімдіктерде бас немесе аға мамандар болып қызмет еткен. Арасында бір ІІМ зейнеткері бар.
13 орынға 40 үміткер тіркелген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу